2025 жылғы қазан айында Ақсу қаласы №4 орта мектебінде мектеп асханасындағы тамақ сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.Тексеру барысында асхананың санитарлық жағдайына және тағамдардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылды.Мониторинг нәтижесінде ата-аналар тамақтанудың ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалап, ұсынылатын тағамдардың сапасына оң пікір білдірді.
Жаңалықтар
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @4_mektep_aqsu
Мектеп кітапханасында кітапханашы Шаяхметова Г.К. 8 «В» сынып оқушыларымен Қазақстан Теңгесінің пайда болу тарихы, ел тәуелсіздігінің қалыптасуы, экономикалық саясаты, сондай-ақ 1993 жылғы 15 қарашадағы еліміздің маңызды тарихи-қадамдары туралы әңгіме жүргізді.Оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, ақша туралы мақал-мәтелдер мен ырымдарды еске түсірді. Сонымен қатар, интерактивті ойын ойнады.
Мектеп кітапханасында «Отбасыммен бірге кітап оқимыз» челленджі өткізілді. Челленджге белсенді қатысқаны үшін 2 «Б» сынып оқушылары Рыбалко Варя, Перевалов Демид, Набиев Таир, Ульянич Арина, Боровик Арина, Волкович Арина алғыс хаттармен, тәтті сыйлықтармен және кітапқа арналған бетбелгілермен марапатталды. Отбасымен кітап оқу — отбасылық қарым-қатынасты нығайтады, қиялды, тілдік қабілетті дамытады, кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, гаджетке телміретін уақытты … Read More ««Отбасыммен бірге кітап оқимыз» челленджі» »
