Павлодар облысының білім беру басқармасы, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің “Ақсу қаласының № 4 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі (мекенжайы: Ақсу қаласы, Астана көшесі, 25, тел. 8(71837)2-44-14, электрондық пошта мекенжайы: school4aksu@yandex.kz) келесі бос лауазымына ашық конкурс жариялайды:
1) білім беру ұйымының логопеді лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне және білім деңгейіне қарай 129258,88 теңгеден 210629,69 теңгеге дейін;
2) білім беру ұйымының дефектологы лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне және білім деңгейіне қарай 129258,88 теңгеден 210629,69 теңгеге дейін;
3) білім беру ұйымының психологі
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
жұмыс өтіліне талап қойылмай, «Арнайы білім» бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы«, «Педагог мәртебесі туралы«, «Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы«, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;
өмірлік қиын жағдайда қалған балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары;
арнайы педагогика;
оқу-тәрбие процесін жобалау және ұйымдастыру негіздері;
арнайы білім беру саласындағы жаңа жетістіктер;
педагогикалық этиканың нормалары;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.
Лауазымдық міндеттері:
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын орта білім беру ұйымының, оның ішінде арнаулы мектептердің (мектеп-интернаттардың) арнаулы педагогы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес кемтар балалармен жеке, топтық және кіші топтық сабақтар (сабақтар) өткізеді;
мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы педагогикалық тексеру жүргізеді және тәрбиеленушілердің ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауды жүзеге асырады;
даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық даму бұзылыстарын еңсеру үшін жеке оқу, Жеке-дамытушы, түзету-дамытушы бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)сабақтар өткізеді;
мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
басқа педагогтермен және мамандармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, білім беруде инклюзивтілік қағидатын іске асыруға ықпал етеді;
басқа педагогтармен және мамандармен тығыз байланыста мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту және әлеуметтендіру жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
тәрбиешілерге, адамдардың (балалардың) ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде консультация береді;
жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және үлгілік оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес оқытудың алуан түрлі нысандарын, білім беру технологияларын, тәсілдерін, әдістері мен құралдарын пайдаланады;
ерекше білім беру қажеттіліктерін командалық бағалауды жүргізуге қатысады;
жеке оқу, жеке-дамыту, түзету-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады және жеке (кіші топтық, топтық сабақтар)өткізеді;
өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырады;
әдістемелік кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларға қоғамның толерантты қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды;
тәрбие процесі кезеңінде балалардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтарын қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидалары» негізінде өткізіледі.Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурстық комиссияға келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде тапсырады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып — болған жағдайда);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттаманың нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психикалық мінез-құлқы бұзылған науқастарды динамикалық байқаудың жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық науқастарды динамикалық бақылаудың жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға үміткерлер үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер (бар болса) біліктілік санатының болуы туралы куәлік немесе CELTA (Certificatein English Language Teaching to Adults) сертификаты. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above, немесе айелтс (IELTS) — 6,5 балл; немесе тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test (іBT)) — 60 — 65 балл;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша толтырылған Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидатты бағалау парағы.
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқудан ұсыным хат.
Біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат беруге болады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және «Ақсу қаласының № 4 орта мектебі» КММ сайтында конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданады.
Құжаттарды қабылдау және конкурс комиссиясының отырысы мына мекенжайда жүзеге асырылады:
Ақсу қаласы, Астана көшесі, 25, № 215 кабинетті, анықтама үшін телефон: 8(705)1623335, электрондық пошта мекенжайы: school4aksu@yandex.kz