Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @4_mektep_aqsu «Құрметті оқушылар! Сіздерге мектеп формасын киюдің маңыздылығын еске саламыз. Бірыңғай киім үлгісі мектебімізде тәртіпті, реттілікті және жайлы атмосфераны сақтауға көмектеседі. Ережелерді сақтау және мектеп жарғысын құрметтеу үшін бірлесіп жұмыс істейік.»Алихан Мекежанов Мектеп Парламентінің Білім министрі.
Рубрика: Жаңалықтар
2025 жылғы қазан айында Ақсу қаласы №4 орта мектебінде мектеп асханасындағы тамақ сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.Тексеру барысында асхананың санитарлық жағдайына және тағамдардың белгіленген талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылды.Мониторинг нәтижесінде ата-аналар тамақтанудың ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалап, ұсынылатын тағамдардың сапасына оң пікір білдірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @4_mektep_aqsu
Мектеп кітапханасында кітапханашы Шаяхметова Г.К. 8 «В» сынып оқушыларымен Қазақстан Теңгесінің пайда болу тарихы, ел тәуелсіздігінің қалыптасуы, экономикалық саясаты, сондай-ақ 1993 жылғы 15 қарашадағы еліміздің маңызды тарихи-қадамдары туралы әңгіме жүргізді.Оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, ақша туралы мақал-мәтелдер мен ырымдарды еске түсірді. Сонымен қатар, интерактивті ойын ойнады.
