Жалпы ақпарат
Мектеп 1967 жылғы 1 қыркүйекте құрылған және Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 25 мекен жайында орналасқан. Білім беру ұйымының басшысы — Калиева Жанна Темерболатовна.
Мекеме бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру оқу бағдарламаларын іске асырады, бұл оқу үдерісінің сабақтастығын қамтамасыз етіп, білім алушылардың барлық деңгейде жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Жоғары сыныптарда жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жүзеге асырылады, түлектерді жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыруға бағыттайды.
Оқыту екі тілде ұйымдастырылған. Мектепте қазақ тілінде оқытатын 3 сыныпта 44 білім алушы, орыс тілінде оқытатын 51 сыныпта 1243 білім алушы бар. Жалпы контингент — 1243 оқушы, сабақтар екі ауысымда өтеді.
Оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне — екі лицейлік сыныпта жоғары деңгейлі оқу бағдарламалары жүзеге асырылуы 48 оқушы оқиды, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық әулетін дамыту мақсатында бастауыш мектепте қосымша білім беру қызметтері ұсынылады.
Мектеп жалпы ауданы 5315,7 м² үлгілік үш қабатты ғимаратта орналасқан. Білім беру мекемесінде 35 оқу кабинеті жабдықталған, оның ішінде физика, химия және биология пәндеріне арналған мамандандырылған кабинеттер бар. Тәжірибеге бағытталған оқытуға жағдай жасалған: аспаздық кабинеті және ағаш пен металл өңдеу бойынша шеберханалар жұмыс істейді. Екі спорт залы, хореография кабинеті және 150 орындық акт залы жұмыс істейді. Мектеп кітапханасында 37 109 дана кітап және 30 орындық оқу залы бар. Цифрлық білім беруді қолдау мақсатында екі компьютерлік сынып жұмыс істейді, ал оқу кабинеттерінде 33 Тач-панель орнатылған.
Педагогикалық ұжымда 111 мұғалім еңбек етеді, олардың 98-і — жоғары білімді. Оқыту үрдісін әртүрлі біліктілік санатындағы мамандар қамтамасыз етеді: педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор.
Оқушыларды тамақтандыру 120 орындық асханада ұйымдастырылған. Барлық білім алушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, оның ішінде бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға тегін ыстық тамақ беріледі.
