Біздің мектепте оқушылар арасында кітап оқуды насихаттауға арналған акция жалғасуда. Үзіліс кезінде балалар кітапханадағы жайлы бұрыштан кітап таңдап, қызыға оқиды, оқығандарын достарымен бөлісіп, талқылайды. Оқу күні ішіндегі осындай тыныш сәттер тек демалуға ғана емес, сонымен қатар сөздік қорды байытып, қиялды дамытып, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыруға көмектеседі.
Рубрика: Кітапхана
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында 26 қараша күні кітапханашылар 9 «А» сынып оқушыларымен бірге «Инфо-Time: Қазақстан Республикасының танымал тұлғаларының өмірінен 20 факт» атты танымды іс-шара өткізді. Оқушылар ерекше дауыс диапазоны арқылы танымал болған әнші Димаш Құдайберген туралы презентация дайындады. Ол өзінің өнерімен халықаралық деңгейде танымалдыққа ие болып, әлемдегі ең танымал тұлғалардың біріне айналды. Іс-шара барысында балалар … Read More ««Балалар кітапханасы»» »
Мектеп кітапханасында кітапханашы Шаяхметова Г.К. 8 «В» сынып оқушыларымен Қазақстан Теңгесінің пайда болу тарихы, ел тәуелсіздігінің қалыптасуы, экономикалық саясаты, сондай-ақ 1993 жылғы 15 қарашадағы еліміздің маңызды тарихи-қадамдары туралы әңгіме жүргізді.Оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, ақша туралы мақал-мәтелдер мен ырымдарды еске түсірді. Сонымен қатар, интерактивті ойын ойнады.
Мектеп кітапханасында «Отбасыммен бірге кітап оқимыз» челленджі өткізілді. Челленджге белсенді қатысқаны үшін 2 «Б» сынып оқушылары Рыбалко Варя, Перевалов Демид, Набиев Таир, Ульянич Арина, Боровик Арина, Волкович Арина алғыс хаттармен, тәтті сыйлықтармен және кітапқа арналған бетбелгілермен марапатталды. Отбасымен кітап оқу — отбасылық қарым-қатынасты нығайтады, қиялды, тілдік қабілетті дамытады, кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, гаджетке телміретін уақытты … Read More ««Отбасыммен бірге кітап оқимыз» челленджі» »
