Мектеп кітапханасында «Отбасыммен бірге кітап оқимыз» челленджі өткізілді. Челленджге белсенді қатысқаны үшін 2 «Б» сынып оқушылары Рыбалко Варя, Перевалов Демид, Набиев Таир, Ульянич Арина, Боровик Арина, Волкович Арина алғыс хаттармен, тәтті сыйлықтармен және кітапқа арналған бетбелгілермен марапатталды.
Отбасымен кітап оқу — отбасылық қарым-қатынасты нығайтады, қиялды, тілдік қабілетті дамытады, кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, гаджетке телміретін уақытты азайтуға көмектеседі. Балалармен бірге оқыңыздар! Януш Корчактың «Отбасылық оқу — бір жанды екінші жанмен байланыстыратын жіңішке жіп» деген сөздерін естен шығармайық.
«Бүкіл отбасымен бірге оқимыз» — ата-аналар балаларымен бірге оқығанда, бұл оларды жақындастырады және баланың оқығанын жақсы түсінуіне көмектеседі.
