Мектеп кітапханасында кітапханашы Шаяхметова Г.К. 8 «В» сынып оқушыларымен Қазақстан Теңгесінің пайда болу тарихы, ел тәуелсіздігінің қалыптасуы, экономикалық саясаты, сондай-ақ 1993 жылғы 15 қарашадағы еліміздің маңызды тарихи-қадамдары туралы әңгіме жүргізді.
Оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, ақша туралы мақал-мәтелдер мен ырымдарды еске түсірді. Сонымен қатар, интерактивті ойын ойнады.
