Біздің мектепте оқушылар арасында кітап оқуды насихаттауға арналған акция жалғасуда. Үзіліс кезінде балалар кітапханадағы жайлы бұрыштан кітап таңдап, қызыға оқиды, оқығандарын достарымен бөлісіп, талқылайды.
Оқу күні ішіндегі осындай тыныш сәттер тек демалуға ғана емес, сонымен қатар сөздік қорды байытып, қиялды дамытып, кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыруға көмектеседі.
