Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @4_mektep_aqsu Күзгі демалыс іс-шараларының жоспарына сәйкес 3 сынып оқушылары арасында «Көңілді старттар» жарысы өтті. Тартысты жарыстан кейін орындар келесідей бөлінді:1 орын: 3А сыныбы2 орын: 3В сыныбы3 орын: 3Г сыныбыКомандаға мақтау қағаздары берілді. Жауапты: дене шынықтыру мұғалімі В.П. Сивкова
Автор: admin
6В сынып оқушыларымен кітапханада «Кітап жмурки» немесе «Аты мен авторын білмей кітап ал» атты әдеби ойын өткізілді. Оқушыларға қалың қағазға оралған кез келген кітапты алып, оқып, әсерлерімен бөлісу ұсынылды. Акцияның мақсаты – әрбір баланың кітаптың атауын және авторын білмей, кездейсоқ таңдап оқуы еді. Кітапты тапсырғанда оқушылар оқыған туындысы туралы пікірлерін сурет немесе пікір арқылы білдірді. … Read More ««Кітап жмурки»» »
Мектеп кітапханасында «Ертегі аралы» атты танымдық-ойын түріндегі викторина өткізілді. Шараның мақсаты — оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ертегілер туралы білімдерін кеңейту, есте сақтау мен зейінін ойын арқылы дамыту. Іс-шараға 2 «Б» сынып оқушылары қатысты. Балалар ертегі кейіпкерлері, оқиғалар мен сиқырлы заттар туралы білімдерін сынап, жарысты. Викторина келесі кезеңдерден тұрды:– «Сипаттама арқылы ертегіні тап»– «Зат … Read More ««Ертегі аралы» атты танымдық-ойын түріндегі викторина» »
1 «А» сынып оқушылары (сынып жетекшісі: Мурзакова В.В.) мектеп кітапханасымен танысуға келді. Бірінші сынып оқушыларының кітапханамен танысуы ғимарат бойынша экскурсия жасаудан басталып, кітапхананың не екенін түсіндіру, сондай-ақ абонемент және оқу залы сияқты бөлімдермен, кітапхананың құрылымы және негізгі ережелерімен таныстыруды қамтыды. Балалар кітапқа ұқыпты қараудың маңыздылығын түсініп, оны пайдаланудың ережелерін үйренді
Кітапханалық сабақ-экскурсия: «Бірінші сынып – кітапханада алғаш рет» Бірінші сынып оқушылары үшін кітапханаға алғашқы рет бару – ерекше әрі маңызды оқиға. 1 «Г» сынып оқушылары бастауыш сынып мұғалімі Бисенбаева Куралай Кельденбекқызымен бірге мектеп кітапханасына экскурсия жасады. Кітапханашылар балаларды «Кітаптар қаласына» саяхатқа шақырды. Бұл қалада көшелердің орнына — кітап сөрелері, қабаттардың орнына — кітап қоймалары, ал … Read More ««Бірінші сынып – кітапханада алғаш рет»» »
