«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2025 жылдың 2 желтоқсанында мектепте 5д сынып оқушылары мен ата-аналары арасында «Тәртіп отбасынан басталады» атты отбасылық спорттық эстафета өткізілді.
Іс-шара отбасылық құндылықтарды нығайтуға, мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Іс-шара барысында қатысушылар жылдамдық, ептілік, өзара қолдау және ең бастысы, бірлік танытып, әртүрлі спорттық кезеңдерді аяқтады.
