Оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілуде.
«Мектепке жол» акциясының ұраны: Жақсылық жаса!
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке дайындауда мақсатты атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады. Әр балаға көңіл бөліп, шынайы қамқорлық көрсетіңіз, сонда оның мектепке барған жолы қуанышты болады.
Республикалық
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармауының алдын алу. .
Науқан 2024 жылдың 1 шілдесінде басталып, 2024 жылдың 1 қыркүйегінде аяқталады деп жоспарлануда.
Іс-шараға кез келген адам қатыса алады: волонтерлар, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б.
Қатысушылар мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсетіп, көмек сұрай алады.
Барлық сұрақтар бойынша қоңырау шалыңыз
87752801735, 24414