Кітапханада «Астана елдің жүрегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 6 шілдеде елімізде мемлекеттік мереке – Астана күні.
Астана – Тәуелсіз мемлекетіміздің дамуының айқын үлгісі. Астана күнін елорда тұрғындары ғана емес, Қазақстанның барлық қалалары тойлайды. «Астана – ел жүрегі» атты кітап көрмесінде Астананың құрылу тарихы туралы әдебиеттер ұсынылды, Г.С.Аужанова кітап көрмесіне шолу жасады, балалар бас қаламыз туралы өз білімдерін ортаға салды.