6В сынып оқушыларымен кітапханада «Кітап жмурки» немесе «Аты мен авторын білмей кітап ал» атты әдеби ойын өткізілді. Оқушыларға қалың қағазға оралған кез келген кітапты алып, оқып, әсерлерімен бөлісу ұсынылды. Акцияның мақсаты – әрбір баланың кітаптың атауын және авторын білмей, кездейсоқ таңдап оқуы еді. Кітапты тапсырғанда оқушылар оқыған туындысы туралы пікірлерін сурет немесе пікір арқылы білдірді.
«Көрінбейтін кездесу» атты сөре жасалып, ұраны «Кітапты мұқабасына қарап бағама» деп белгіленді. «Кітап жмурки» ойыны балаларға сырлы атмосфера сыйлап, ойын форматы арқылы оқуды қызықты етті.
Шаяхметова Г.К. «Жасыл қораптың құпиялары» атты танымдық викторина ұйымдастырып, онда сурет немесе мәтін үзінділері арқылы әдеби шығарманы табу тапсырмасы берілді.
Соңында оқушылар үйде оқу үшін көрмеден кітап таңдады.
