29 наурыз күні ЗДВР Абылхасанова М.Ж., Гросс Г.А. «Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану – оқушылармен табысты тәрбие жұмысының кепілі» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізді. Мақсаты: педагогикалық ұжым мүшелерінің студенттермен тәрбие жұмысында инновациялық технологияларды қолдану үшін ынтасын қалыптастыруға ықпал ету. Педагогикалық кеңес барысында жаңа заманауи технологиялар талқыланып қана қоймай, оларды оқу үрдісінде және оқушыларды тәрбиелеуде қалай қолдануға болатындығы көрсетілді. Сынып жетекшілері Демченко Е.М., Маркабаева Е.Ж сөз сөйлеп, балалармен және ата-аналармен жұмыстағы өз әдіс-тәсілдерімен және формаларымен бөлісті.