Ақсу қаласының орталық кітапханасында ғалым – археолог, тарихшы, этнограф, филология ғылымдарының докторы, академик, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткерінің туғанына 120 жыл толуына арналған «Ұлт мақтанышы – Әлкей Марғұлан мұрасы» атты конференция өтті. Конференцияға география пәнінің мұғалімі А. С. Әубәкірова, тарих пәнінің мұғалімі Н. К. Әбілов, Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Н. ж. Унгаева қатысты.