Қазақстан Халықтарының Бірлігі күнін мерекелеу құрметіне бүгін «Ақсу қаласының №4 орта мектебі» КММ-де оқушыларды «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты рәсімі өтті. Бірлестіктің мақсаты өскелең ұрпақты Қазақстан халқына, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген адалдық пен сүйіспеншілік, толеранттылық пен бітімгершілік негізінде Отан патриоттарына тәрбиелеу болып табылады.