Мектеп кітапханасында кітапханашы Шаяхметова Г.К. 8 «В» сынып оқушыларымен Қазақстан Теңгесінің пайда болу тарихы, ел тәуелсіздігінің қалыптасуы, экономикалық саясаты, сондай-ақ 1993 жылғы 15 қарашадағы еліміздің маңызды тарихи-қадамдары туралы әңгіме жүргізді.Оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, ақша туралы мақал-мәтелдер мен ырымдарды еске түсірді. Сонымен қатар, интерактивті ойын ойнады.
Мектеп кітапханасында «Отбасыммен бірге кітап оқимыз» челленджі өткізілді. Челленджге белсенді қатысқаны үшін 2 «Б» сынып оқушылары Рыбалко Варя, Перевалов Демид, Набиев Таир, Ульянич Арина, Боровик Арина, Волкович Арина алғыс хаттармен, тәтті сыйлықтармен және кітапқа арналған бетбелгілермен марапатталды. Отбасымен кітап оқу — отбасылық қарым-қатынасты нығайтады, қиялды, тілдік қабілетті дамытады, кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, гаджетке телміретін уақытты … Read More ««Отбасыммен бірге кітап оқимыз» челленджі» »
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @4_mektep_aqsu Мектеп парламенті зорлық-зомбылыққа қарсы!Бүгін Мектеп парламенті министрлерінің белсенділері зорлық-зомбылыққа қарсы өз идеяларын білдіріп, барлығын бір-біріне құрметпен қарауға және мейірімді болуға шақырған шығармашылық бейнеролик ұсынды.Оқушылар қолдау, түсіністік және достық сезімнің маңыздылығын көрсетті. Олардың үндеуі қарапайым, бірақ күшті: «Зорлық-зомбылықсыз мектеп», «Өзіңнен баста — мейірімді бол!»👏 Қатысушыларға бастамалары, шығармашылығы және … Read More «Мектеп парламенті зорлық-зомбылыққа қарсы!» »
Мектеп кітапханасында қызықты іс-шара — «Тура мерген» атты интеллектуалды ойын өтті. Қатысушылар нысанаға дәлдеп доп лақтырып, әр сектордың артында ертегілер әлемінен сұрақтар жасырылған болатын. 📚 Библиодартс — бұл тек қызықты ғана емес, сонымен қатар танымдық ойын!Іс-шара достық әрі көңілді атмосферада өтті, барлық қатысушыларда керемет әсер қалдырды.
