Кітапханада 5 «В» сынып оқушыларымен «Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дегеніміз не?» тақырыбында әңгіме-сұхбат өткізілді.
Сұхбат барысында сенім, адалдық, махаббат, неке, құрмет, сенім арту, өзара көмек, мейірімділік, түсіністік, аналықтың киелігі мен ұрпақ жалғастығы сияқты дәстүрлі әрі қазіргі заманда да маңызды құндылықтар сөз болды.
Оқушылар:
- Отбасы туралы мақал-мәтелдер жинап әкелді;
- Өз отбасыларындағы дәстүрлермен таныстырды;
- Отбасының маңыздылығын айтып, өз ойларымен бөлісті.
Кітапханашы Шаяхметова Г.К. оқушыларға отбасы туралы тәрбиелік маңызы зор астарлы әңгімелерді оқып берді. Балалар оларды талқылап, әр әңгіменің мәні мен мағынасын түсінді.
Бұл шара оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейтіп, өзара сыйластық пен құрметке тәрбиелеуге бағытталды.
