Қазақстан халқы тілдері күні аясында және қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, қоғам және мемлекет қайраткері Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай мектеп кітапханасында 10 сынып окушыларына викторина ұйымдастырылды.
Мақсаты – оқушылар арасында Абай шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасына қызығушылықты арттыру және ана тіліне деген құрметті қалыптастыру.
Сондай-ақ «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты кітап көрмесі және Абайдың 180 жылдығына арналған «Абай – халықтың ұлы перзенті» атты көрме безендірілді.
